Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады.
2 облыста республикалық маңызы бар жолдар жабылды
Фото: gov.kz
777
оқылды

Қазақстанның 2 облысында республикалық маңызы бар автожолдардың 4 учаскесінде көлік қозғалысы шектелді,  деп хабарлайды Aikyn.kz «ҚазАвтоЖол» АҚ» ҰК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жетісу облысында – 1 учаске:

Үшарал – Достық тасжолы – 84-184 шақырым, Көктұма стансасы – Достық стансасы – 100 шақырым.

Солтүстік Қазақстан облысында – 3 учаске:

Булаево – Возвышенка – Мологвардейское – Кирово – Қиялы – Рощинское –  65-228 шақырым; Возвышенка а. – Рощинское а. – 163 шақырым;

Рощинское – Корнеевка – Волошинка тасжолы –  0-47 шақырым; Рощинское а. – Корнеевка. а. – 47 шақырым;

Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық – РФ шек. –  213-280 шекарасы;  Кішкенекөл а. – РФ шек. – 67 шақырым.

Шектеу көліктің барлық түріне қолданылады. 

Қазіргі сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстауға 389 бірлік техника және 750 адам жұмылдырылды.