Талдықорғанда 72 жастағы зейнеткер мен оның 52 жастағы ұлын бауыздап кеткен.
"Мәйітті немересі көрген". Кісі қолынан өлген зейнеткер мен ұлының қазасына қатысты тың ақпарат шықты
1,692
оқылды

Талдықорғанда 72 жастағы зейнеткер мен оның 52 жастағы ұлын бауыздап кеткен. Оқиғаның егжей-тегжейі белгілі болды,  деп хабарлайды Aiqyn.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Анасы мен баласының мәйітін қонақтан қайтқан немересі көрген. Полиция қызметкерлері "Екі марқұм да бірнеше жерден салынған пышақ жарақатынан өлді" деген болжам айтып отыр.

Қылмыс болған үйде ит пен мысықтан басқа ешкім қалмады. Аумақ сары лентамен оқшауланған.

"Полиция 5 қаңтарда Талдықорғанда жеке үйден табылған зорлық өлімінің белгілері бар қарт әйел мен оның 52 жастағы ұлының өлімін зерттеп жатыр. Күдікті ретінде 43 жастағы ер адамды іздеп жатырмыз",  деп хабарлады Жетісу облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін 5 қаңтарда Талдықорғандағы Ақбастау көшесіндегі жер үйде тамағы кесілген екі адам өлі табылғанын хабарлаған едік. Жетісу облыстық Полиция департаменті бұл фактіні растағанымен, қылмыстың жай-жапсары туралы ашып айтпады.

"Жедел-іздестіру шаралары ұйымдастырылды. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды", деп хабарлады ведомство.

Ал кеше, 8 қаңтарда Жетісу облысының полициясы осы қылмысты жасады деген күдікпен 1980 жылы туған Игорь Баланды іздестіріп жатқаны белгілі болды.

Ерекше белгілері: мойынның сол жағында шаян суреті бар (татуировка), қолдарының бірінде саусақ жоқ.

"Іздеудегі тұлғаның орналасқан жері туралы ақпараты бар барлық адамға дереу полицияға хабарлауды сұраймыз: (8-7282) 608066, (8-747-431-31-33, 8-778-654-86-86) немесе 102",  делінген хабарламада.