Көкшетауда аулада тұрған жеңіл автокөлік түгелдей өртеніп кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz тілшісі.
Көкшетауда жеңіл автокөлік өртеніп кетті
707
оқылды

Өрт жалпы аумағы 4 шаршы метр аумақты шарпыған. Оқиға орнына Көкшетау қаласының мамандандырылған №1 өрт сөндіру бөлімі жедел аттанды. 

– Өрт 14 минут ішінде ауыздықталып, толықтай сөндірілді. Абырой болғанда зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр, – деді Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өкілі. 

Жалпы, тек былтырғы жылдың өзінде ғана Көкшетау қаласында 32 автокөлік өртенген. Төтенше жағдай қызметі азаматтардан өрт қауіпсіздігін сақтауды сұрайды. 

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы