Жеңіл көліктің жүргізушісі жолда ұйықтап кеткен.
Абай облысында жеңіл көлік жүк машинасына соғылып, жыраға құлап кетті
521
оқылды

Абай облысында көлік тізгіндеп келе жатып ұйықтап кеткен ер адам жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 9 қаңтарда республикалық маңызы бар «Омбы-Майқапшағай» тасжолының 659-шақырымында болған.

«Көлік тізгіндеп келе жатып ұйықтап кеткен  Lada Granta көлігінің жүргізушісі жүк көлігімен соқтығысты. Жол апатынан кейін жеңіл көлік жыраға құлаған. Абырой болғанда  ешкім зардап шеккен жоқ», – делінген ақпаратта.

30 жастағы ер адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.