Алжир қаласында биыл 29 ақпан мен 2 наурыз аралығында газ экспорттаушы елдердің мемлекет және үкімет басшыларына арналған VII саммит өтеді.
Алжирде газ экспорттаушы елдердің VII саммиті өтеді
Фото: AP Photo/Anis Belghoul/sputnikglobe.com
1,712
оқылды

Саммитте газ нарығының болашағы, сонымен қатар газды экспорттаушы елдердің мүддесін қорғау мәселесі де талқыланады. Бұл туралы Aikyn.kz редакциясына Алжирдің Қазақстандағы елшілігі хабарлады.

Алжир Демократиялық Халықтық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Камал Фиништің айтуынша, саммитте экономикалық мәселелер жан-жақты талқыланады. 

«Алжир – жерасты қазба байлықты жергілікті халқының игілігіне жұмсап отырған ел. Сол себепті, газ өндіруші, экспорттайтын елдердің Алжирде басқосуы өте маңызды. Шикізатты өндіріп, өңдеумен қатар экспорттау үшін дипломатия, тәжірибе алмасу қажет. Газ тұтынушы елдерге газды сапалы, уақытылы жеткізу де экспорттаушы елге жауапкершілік жүктейді», – дейді елші. 

Әлемде газға сұраныстың артқанын ескерсек, газды жеткізуші мен тұтынушы арасында ұзақмерзімді қатынас орнату, сондай-ақ тұрақты транзиттік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету – өте маңызды. 

Сондықтан саммитте газ тасымалын оңтайландыру мәселесі де талқыланады. Жиын газ экспорттайтын алпауыт мемлекеттердің ортақ диалог алаңына айналмақ.  

Бұған дейін Алжир елшілігі қазақ жерінде Тәуелсіздік күнін атап өткенін  жазған болатынбыз.