Бекітілген Ережелерге сәйкес, ауылда, кентте немесе ауылдық округте жалға берілетін тұрғын үй салған жұмыс берушілер 5 миллион теңгеге дейінгі мөлшерде мемлекеттік субсидия ала алады.
"5 миллион теңге": 15 қаңтардан бастап кімдерге субсидия берілетіні белгілі болды
фото: Halyq Uni
3,016
оқылды

Мемлекет басшысының ауылдық жерлерде өз жұмыскерлері үшін тұрғын үй салуға жұмыс берушілердің шығыстарын өтеуге қатысты тапсырмасын орындау мақсатында ҚР  Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі субсидиялаудың тиісті қағидаларын әзірлеп, бекітті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Бекітілген Ережелерге сәйкес, ауылда, кентте немесе ауылдық округте жалға берілетін тұрғын үй салған жұмыс берушілер 5 миллион теңгеге дейінгі мөлшерде мемлекеттік субсидия  ала алады. Бұл 75-тен 100 шаршы метрге дейінгі тұрғын үй құрылысының шығындарын жабады",  делінген хабарламада.

Субсидия алу үшін жұмыс берушілер қызметкермен 5 жылға еңбек шартын жасасуы, сондай-ақ пайдалануға берілген тұрғын үйге ауыртпалықтардың болмауын қамтамасыз етуі қажет.

Бұл ретте аумағында жұмыс берушілер тұрғын үй салуды жоспарлайтын ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің тізімдерін жергілікті атқарушы органдар айқындайды және бекітеді.

Аудан орталықтарының және облыс орталықтары, моно және шағын қалалары бар немесе агломерациялардың, функционалдық қалалық аудандардың құрамына кіретін 30 шақырымға дейінгі жақын орналасқан ауылдық округтердің тізімдеріне, ауылдарына, кенттеріне, ауылдық округтеріне енгізуге жатпайды.

Бекітілген ережелер 2024 жылғы 15 қаңтарынан бастап, алғашқы ресми жарияланған күнінен  күнтізбелік он күннен кейін күшіне енеді.

Қосымша ақпарат пен мәліметтерді ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми сайтынан алуға болады.