Сынып қалған автобустың ішінде 6 жастағы бала да болған.
"Үсіп қала жаздаған": Ақмолада автобустан Ресей азаматтары эвакуацияланды
926
оқылды

Ақмолада жолда қалған автобустан 16 Ресей азаматы эвакуацияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Сынып қалған автобустың ішінде 6 жасар бала да болған. 

10 қаңтарда Астана - Петропавл тас жолында патруль қызметкерлері Айбол Қабдуалиев мен Илья Қабдуалиев жол жиегінде қалған Ресейлік нөмірдегі Hyundai автобусын байқайды. Жүргізушінің айтуынша, олар Екатеринбургтен Қарағандыға бара жатқан. Автобус ішіндегі 16 адам тоңып қалған, оның біреуі - 6 жасар бала. Жылыту үшін баланы дереу полиция қызметінің көлігіне ауыстырды.

Автобус жолаушылары Біржан сал ауданына қарасты ауылдық кітапханада орналасқан жақын жердегі жылу пунктіне жеткізілді.

Бұл аумақтағы көлік қозғалысын бақылайтын инспекторлар автобусты жөндеуге сүйреп апарғаннан кейін ғана өз орындарын тастап кеткен. Жүргізуші полицияға қиын жағдайда көмектескені үшін алғысын білдірді.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, 

Ақмола облысы