«Қазгидромет» мамандары 11 қаңтарда Астана мен еліміздің 16 облысында дауыл соғатынын ескертті.
"Боран соғып, қалың қар жауады": 11 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
13,360
оқылды

Астанада түнде қарлы боран соғады. Түнде оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні – 15-20 м/с.

Күндіз Алматы облысының таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Оңтүстікте, облыстың таулы аймақтарында кей жерлерде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде екпіні 18-23 м/с болады.

Алматыда күндіз тұман болады.

Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында таңертең және күндіз жаңбыр, қар жауады. Облыстың батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында көктайғақ, қар жауады, облыстың оңтүстігінде тұман түседі. 

Батыстан, солтүстіктен жел соғады. Облыстың таулы аймағында жел екпіні 23-28 м/с болады. 

Ауа температурасы күрт төмендеп, түнде -2+3°, облыстың солтүстігінде -5-10°, күндіз +1+6°, облыстың солтүстігі мен батысында -2° градус болады.

Шымкентте таңертең және күндіз жаңбырдың соңы қарға ұласады. Көктайғақ болуы мүмкін.