«AMANAT» партиясының Мәжіліс депутаты, фракция мүшесі Мархабат Жайымбетов Қызылордадағы ALEXEY-SULTAN AКHMET емханасының ұжымымен кездесті.
Дәрігерлер өз ұсыныстарын айтты
946
оқылды

Ауысымына 400 келушіге арналған емхана 2017 жылы ашылған болатын. Емхана мемлекеттік-жекеменшік әріптестік ая­сында салынған. Бұл республикада жүзеге асырылған алғашқы МЖӘ жобаларының бірі. Емхананың негізгі мақсаты – уақытылы және сапалы медициналық көмек көрсету.

Бүгінде қала тұрғындарын сапалы медицинамен қамтып отырған емхана партияның қалалық филиалының «Береке» бастауыш партия ұйымының тобына кіреді. 

Басқосуда медицина саласының қызметкерлері Мархабат Жайым­бетұлына бірқатар сауалын жолдалды. Оның ішінде Қы­зылорда қаласындағы қоғамдық көлік, инфрақұрылым мә­се­лелерін әрі қарай дамыту тетіктері талқыланды. Сондай-ақ емхана ұжымы МӘМС-ге қатысты пікірлерін жеткізді.

Бердібек ҚАБАЙ