Мәжіліс депутаттары Нұржан Әшімбетов, Жарқынбек Аман­­тай және Вера Ким Павлодар облысындағы жұмыс са­па­ры барысында патронаттық тәрбие, қамқоршылық және ба­лалар үйлерінің қызметіне қатысты қолданыстағы заң­на­маларды жан-жақты талқылады.
Жаңа бастама – кәсіби патронаттық отбасы институты
876
оқылды

Депутат Вера Ким отбасылы болудың тағы бір түрі – кәсіби пат­­ронаттық отбасы институтын енгізу бастамасы туралы айтты. Ол бүгінде Мәжілістің қарауында жат­қан «Білім беру және баланың құ­қықтарын қорғау туралы» заң жо­басында қарастырылған.

– Бұл жобаның бірегейлігі – қам­­­қоршылық органдары мен ба­ла­лар үйлері, интернаттар ара­сын­­дағы делдалдық алынып тас­та­ла­ды. Қолайсыз немесе проб­ле­малы отбасы анықталған жағдайда уәкілетті орган баланы алып қоя ала­­ды және оны дереу кәсіби асы­рап алушы отбасына үйлестіре ала­­ды. Бұл нысанның санаты кеңей­­тілді. Оған ата-анасының қам­­қорлығынсыз қалған балалар, қараусыз қалған балалар, сондай-ақ физикалық немесе жыныстық зорлық-зомбылық фактілеріне бай­ланысты өмірлік қиын жағ­дай­ға тап болған адамдар кіреді, – деді В.Ким.

30 бен 63 жас аралығындағы аза­­маттар кәсіби қорғаншы бола ала­­ды. Балалардың кәсіби патро­нат­тық отбасыларда болуы уа­қыт­­ша болады – екі аптадан бір­не­ше айға дейін. Жобаға қа­ты­­су­шыларға қойы­латын маңыз­ды талаптар – же­ке тұрғын үйінің болуы, сотты­лы­ғының, нашақор­лық немесе алко­гольге тәуел­ді­лік, психикалық бұзылулар, ба­ла­лар­ды тәрбиелеуге ке­дергі кел­тіретін жұқпалы немесе соз­ыл­малы ауру­лар­дың болмауы. 

Бердібек ҚАБАЙ