Былтыр Аймақтарда 22 мәдениет нысаны бой көтеріп, мемлекеттік театрларда 200-ге жуық жаңа қойылым сахналанды.
Екі жүз қойылым сахналанды
945
оқылды

Ал киноматографияда мемле­кеттік қолдаумен 18 фильмнің өндірісі аяқталып, көрермен назарына ұсынылды. Бұл – былтырғы жылдағы жетістік. Сондай-ақ «Қазақстанның Халық жазушысы» құрметті атағы қайта беріліп, ел дамуына еңбегі сіңген қаламгерлер марапатталды. Мәдениет – идеологияның басты құралы. Сондықтан руханиятты дамытуды бірінші межеге қоюдан ұтылмаймыз дейді сала өкілдері. 

Театрға баратын көрерменнің де қатары көбейіп келеді. Былтыр 2 миллионға жуық адам мәдениет ордасынан рухани азық алған. Отан­дық авторлардың 24 кітабы таныс­тырылып, оқырманға жол тартты. 

– Өткен жыл жалпы еліміз үшін экономикамыз, әлеумет және мәдениет үшін де жақсы жыл болды ғой деп ойлаймын. Өйткені мәде­ниетке байланысты көптеген игі шаралар жүзеге асырылды. Руха­ният мешел болса, ол қоғам жақсы­лыққа бармайтынын өзіміз көрдік. Сон­дықтан қазіргі мемлекеттік сая­сатта руханият, мәдениет ха­лықтың тарихы жалпы рухани са­ла­ның алғашқы кезекке шығуы өте өзінің жақсы нәтижелерін беріп жа­тыр, – дейді сыншы, мәдени сарапшы Әлия Бөпежанова.

фото:  tv24kz