Қазақстан Республикасы Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шипп аталған судьялардың неліктен қызметінен кетіп жатқанын баяндады.
Жоғары соттың 4 судьясы қызметінен босатылды
Фото: kuban.rbc.ru
840
оқылды

Сенат Жоғары соттың 4 судьясын қызметінен босатты, – деп хабарлайды Aikyn.kz Kazinform-ға сілтеме жасап. 

Айта кету керек, Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы Ербол Исмаилов, Ақылтай Қасымов, Альфия Савинова, Айгүл Сапарованы қызметінен босату туралы ұсынысы бұған дейін Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетіне келіп түскен.

Қазақстан Республикасы Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шипп аталған судьялардың неліктен қызметінен кетіп жатқанын баяндады.

«А. Савинова мен А. Сапарова зейнет жасына жетті. Судья А. Қасымов судья лауазымында болудың шекті жасы – 67-ге жетіп отыр. Бұлардың бәрінің судьялық жұмыста үлкен тәжірибесі бар – 26 жылдан 40 жылға дейін өтілі бар. Судья Е. Исмаилов Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шешімі бойынша Еуразиялық экономикалық одақ сотының судьясы болып тағайындалған», – деді Денис Шипп.

Сенат комитеттің ұсынысын мақұлдап, аталған тұлғаларды Жоғары соттың судьялығынан босатты.