Туған күйіне орай әншіні жанкүйері ерекше құттықтап, видео жолдаған.
60 жасқа толған Мақпал Жүнісованы жанкүйері ерекше құттықтады
Фото: ticketon.kz
1,956
оқылды

Қазақстанның халық әртісі, танымал әнші Мақпал Жүнісова бүгін, 11 қаңтарда, 60 жасқа толды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Туған күніне орай әншіні жанкүйері ерекше құттықтап, видео жолдаған. Өнер иесі жанкүйеріне алғысын айтып, видеоны парақшасында жариялады.

Ол ескі кадрлардан видео жасаған. Видеодан жап-жас Мақпал Жүнісованы, оның сұхбаттары мен сахнадағы өнерін көруге болады. Видео әншінің «Жылдар-жылдар» әнімен сүйемелденген.

"Жанар жанкүйерімнің құттықтау видеосына үлкен рақмет, Жанаржан, отбасыңмен ғұмырлы болыңыздар!", – деп жазды Жүнісова.