Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Асхат Оразбай Халықаралық Аралды құтқару қоры Атқарушы комитетінің төрағасы атанды
810
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен Асхат Оразбай Халықаралық Аралды құтқару қоры Атқарушы комитетінің төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Aikyn.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Асхат Оразбай жаңа қызметке тағайындалмас бұрын Президент жарлығымен Қазақстанның Ирандағы елшісі қызметінен босатылды. 

«Халықаралық Аралды құтқару қорының Президенті, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен Асхат Тұтқышбайұлы Оразбай Халықаралық Аралды құтқару қоры Атқарушы комитетінің төрағасы болып тағайындалды», - делінген ресми ақпаратта.

Асхат Оразбай 1960 жылы 2 желтоқсанда дүниеге келген. 1985 жылы В.И.Ленин атындағы Ташкент мемлекеттік университетін бітірген.

1982-1983 жылдары Ауғанстанда әскери аудармашы болды.

2004 жылы – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі.

2008-2012 жылдары Қазақстанның Түрікменстандағы елшісі болды.

2012 жылғы 4 шілдеден 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін – Қазақстанның Индонезия Республикасындағы елшісі.

2015 жылғы 20 тамыздан 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін – Қазақстанның Филиппин Республикасындағы елшісі толық емес жұмыс күні.

2019 жылдың қаңтарында ол Қазақстанның Иран Ислам Республикасындағы елшісі қызметін қабылдады.