Автожолдардың басым бөлігінде автокөліктің барлық түріне қозғалыс шектелді.
6 облыста республикалық жолдардың 7 учаскесінде көлік қозғалысы шектелді
1,218
оқылды

6 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 7 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz «ҚазАвтоЖол» баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жамбыл облысында – 1 учаске:

1. «Алматы-Ташкент-Термез» автожолының 534-593 шақырымы, Айша-Бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейін – 59 км.

Жүк көліктері үшін шектеу енгізілді.

Карағанды облысында – 1 учаске:

1. «Екатеринбург-Алматы, Солтүстік Шығыс айналма жолы» автожолының 0-16 шақырымы, Пришахтинск ауылынан Новостройка ауылына дейін – 16 км.

Шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін қолданылады.

Қостанай облысында – 1 учаске:

1. «Жезқазған-Петропавловск» автожолының 253-335 шақырымы, Ұлытау облысының шекарасынан Арқалық қаласына дейін – 82 км.

Шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін қолданылады.

Солтүстік Қазақстан облысында – 2 учаске:

1. «Булаево-Возвышенка-Мологвардейское-Кирово-Қиялы-Рощинское» автожолының 65-194 шақырымы, Возвышенка ауылынан Қиялы ауылына дейін – 129 км.

2. «Көкшетау-Омск» автожолының 213-280 шақырымы, Кішкенекөл ауылынан РФ шекарасына дейін – 67 км.

Шектеу автокөліктің барлық түріне жүреді.

Түркістан облысында – 1 учаске:

1. «Алматы-Ташкент-Термез» автожолының 593-654 шақырымы, Жамбыл облысының шекарасынан Жібек Жолы ауылына дейін (Машат өткелі).

Жүк көліктері үшін шектеу енгізілді.

Ұлытау облысында – 1 учаске:

1. «Жезқазған-Петропавловск» автожолының 137-152 шақырымы, Ұлытау ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейін – 15 км.

Шектеу автокөліктің барлық түріне жүреді.

Осы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп-ұстауға 809 бірлік техника және 1535 жолшы жұмылдырылды.