Күдікті 1 миллион АҚШ долларын беруді талап еткен.
БҚО-да шаруа қожалық иелерін бопсалаумен айналысқан тұрғын ұсталды
3,544
оқылды

Батыс Қазақстан облысында шаруа қожалығының иелерін бопсалаумен айналысқан тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жеңіл пайдаға кенелмек болған күдіктіні ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері құрықтады. Күдікті етті мал шаруашылығымен айналысатын ЖШС-нің құрылтайшыларын бопсалаумен айналысқан. Күдікті бір миллион АҚШ долларын беруді талап еткен.

«Күдікті Toyota Mark II автокөлігінің ішінде ақша алу сәтінде құрықталды. Көлікті тінту кезінде сол жақтағы алдыңғы жолаушылар орындығының қалтасынан 4 млн теңге тәркіленді. Сонымен қатар қаскүнемнің барсеткасынан 50 мың теңге табылды»,  делінген хабарламада.

Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабының 4-бөлігі (Бопсалау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.