Атышулы Омар Жәлел жазушының әлдекімдер секілді атақ қумай, өмірде таза болғанын айтты.
«Сенің өліп қалғаның...»: Омар Жәлел 40 жасқа жетпей қайтыс болған жазушыға жазба арнады
Фото: әлеуметтік желіден
3,718
оқылды

Абайтанушы Омар Жәлел жазушы Ғалымбек Елубай жайлы жазба жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

 

Атышулы Омар Жәлел жазушының әлдекімдер секілді атақ қумай, өмірде таза болғанын айтты.

«Сенің өліп қалғаның жақсы болды, Ғалымбек. Таза кеттің. Әйтпесе әлдебіреулер құсап атақ сұрап, ақша сұрап қадірің кетер еді. Өзің айтпақшы – тәлейіңе бір-ақ кітап жазылған екен. Не істейсің, енді, амал бар ма? Жазушы не ерте, не кеш өлмейді, өзінің көтерер жүгін, арқалаған міндетін түгескенде ұша барады деген сөз бар ғой. Сенің де бұл пәнидегі сапарың аяқталған екен. Кітабыңды бас алмай оқып жатқаныма екі күн болды. Басында менсінбей: не өзі, очерк жазған ба деп қоңылтақсығаным рас. Кейін бұл пікірімнің жаңсақ екеніне көзім жетті. Қарапайым боп көрінген оймақтай әңгімелердің астарында зілдей мағына жатыр екен ғой. Сен бір әңгімеңде жазушы болып туу керек депсің. Сен өзің жазушы боп туған екенсің, Ғалымбек. Мен Алтайды аңсап бір көрсем бе деп жүр едім», – деді Жәлел.

Ғалым жазушыға жоғалып бара жатқан Алтайдың әңгімесін жеткізгені үшін алғыс айтты.

«Сені көруім үшін сені жоғалтуым керек екен. Өзің айта беретін Оралхан Алтайдың бергі жағында, сен арғы жағында ғұмыр кешіпсіңдер. Сендерге Алтайдың өкпесі жоқ шығар. Енді арғы беттегі Алтайдан жазушы туа ма, тумай ма – дәркүмән. Рақмет саған, Ғалымбек. Жоғалып бара жатқан Алтайдың әңгімесін бізге жеткізіп кеттің. Алтайдағы соңғы қазақ мектебінің түлегі», – деді ол.

Еске салсақ, 8 қаңтарда жазушы Ғалымбек Елубай 40-қа қараған шағында қайтыс болды.