Мәжіліс депутаттары Айгүл Құспан, Сергей Пономарев жә­не Айдос Сарым жұмыс сапары барысында Алматы Жылу электр орталығы-2 стансасына барды.
Алматы жылу электр стансасына барды
879
оқылды

Депутаттар объектінің жай-күйімен және құрылысымен танысып, мамандардың есебін тыңдады. Одан соң кәсіпорынның жұмысын жақсартуға бағытталған қадамдар мен іс-шараларды талқылады.

ЖЭО-2-ні газға ауыстырудағы бас­ты мақсат – қала атмосферасына зиянды шығарындыларды азайту, күл мен шлак қалдықтары проблемасын шешу және қала атмосферасына зиян­ды шығарындылардың үлесін азайту. 

Жылыту маусымында ЖЭО-2 жыл сайын шамамен 1,5 млн тонна көмір жа­ғып, 660 мың тонна күл өндіреді. 2026 жылға қарай ЖЭО-2-ні табиғи газға көшіру ластаушы заттар шыға­рын­дыларының жалпы көлемін жы­лы­на 3000 тоннаға дейін (қазір 37 мың тонна) төмендетуге мүмкіндік береді. 

– Қазір ЖЭО-2-де күніне бір жа­рым пойыз Екібастұздың қоңыр кө­мі­рі жағылады. Станса газға көшкен­нен кейін шығарындылар 12 есеге азая­ды. Бұл алматылықтардың ден­сау­­­лығына оң әсерін тигізбек. Соны­мен қатар Алматы және Алматы агло­ме­рациясының экологиясы мен тұр­ғындардың өмір сүру сапасын жақ­сар­тады, қаланың ауасы тазарады, – деді Сергей Пономарев. 

Бүгінде «Алматы ЖЭО-2-ні қор­ша­ған ортаға әсерді барынша азайта оты­рып жаңғырту» жобасы іске асы­ры­лып жатыр.  Сондай-ақ былтыр қара­ша айынан бастап Алматы ЖЭО үшін газ инфрақұрылымын салудың бірінші кезеңі шеңберінде жаңа авто­маттандырылған газ тарату стансасы іске қосылды. 

Стансаны газға кезең-кезеңімен то­лық көшіру 2025 жылы басталып, 2026 жылы аяқталады.  

 Бердібек ҚАБАЙ