Қазақ мемлекеттік циркі­нің тарихы Мажарстан жұрт­шылығына таныстырылды. 15-ші Будапешт цирк фес­ти­валі аясында өткен мұражай көрмесіне әлемнің 12 мем­лекеті қатысты.
Цирк – халықаралық көрмеде
1,300
оқылды

Әр ел өз циркінің экспонаттарын көпшілікке паш етті. Қазақ мем­ле­кеттік циркінің ұжымы шетелдік­тердің назарына отандық цирк өнерінің тарихынан сыр шертетін суреттер, әртістердің костюмдері мен ұлттық жәдігерлерді ұсынды. Шара барысында 12 мемлекеттің цирк басшылары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

«Алғаш рет ұйымдастырылған осындай көрмеге қатысып, Еуропада – 100 жыл, 200 жылдан асқан цирктардың тарихын көрсетіп отырса, біз де 50 жылдық тарихы­мызды көрсетуге мүмкіндік алып отырмыз. Мажар мен қазақ ұлттары достық, туыстық қарым-қатынаста. Мәдениеттері бір-біріне ұқсас. Көрмеде қазақ циркінің жауһар­ларын көргенімізге қуаныштымыз», – дейді Қазақ мемлекеттік циркі мұражайының жетекшісі Наргиз Тамабекқызы.