Аймақтағы Полиция департаменті жол қауіпсіздігінің алдын алу жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында 20 қызметтік көлікке арнайы құрылғы орнатқан.
Алматы облысының жолдарында камерасы бар патрульдік көліктер көбейеді
2,507
оқылды

Аппараттық-бағдарламалық кешен фото және видео жазуға, көлік құралдарының жылдамдығын өлшеуге, көліктің мемлекеттік нөмірін тануға, жалпы көлік апатына әкелетін жол қозғалысы ережелерін бұзғандарды анықтауға арналған,  деп хабарлайды Aiqyn.kz.

Алматы облыстық Полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленовтің айтуынша, құрылғы жолдағы және тұрақтағы көліктердің нөмірін автоматты түрде таниды.

Алынған деректер Бас прокуратураның жанындағы әкімшілік құқықбұзушылықтардың бірыңғай тізіліміне жіберіледі.