Al Manara телеарнасының мәліметінше, Сана қаласының бірнеше ауданы мен Ходейда провинциясында қуатты жарылыстар болған.
АҚШ пен Ұлыбритания Йеменді тағы бомбалады
827
оқылды

АҚШ пен Ұлыбритания хуситтерге қарсы қайта соққы жасады. БАҚ мәліметінше, әуе шабуылы Сана қаласының солтүстігінен жасалған, деп хабарлайды Aiqyn.kz.

Дереккөздің айтуынша, соққы Әл-Дайлами әуе базасы, Ходейда әуежайы мен жағалау радарлары мен бақылау пункттеріне шабуыл жасалған. 

Ал АҚШ президенті Джо Байден журналистерге берген сұхбатында хуситтерді "террористік ұйым" деп атап, Қызыл теңізге шабуыл тоқтатпаса, Пентагон да қарап қалмайтынын хабарлаған. 

Ал өз кезегінде хуситтер палестиналықтарды қолдау мақсатында әрекет етіп жатқанын және АҚШ пен Ұлыбритания соққысына міндетті түрде жауап беретінін айтқан. 

АҚШ кең көлемді соғыс жариялағысы келмейтінін мәлімдеген. Дегенмен The New York Times басылымының хабарлауынша, АҚШ пен Ұлыбританияның әрекеті Израиль мен ХАМАС арасындағы қақтығыстың ауқымды аймақтық жанжалға ұласқанын көрсетті.