Синоптиктер ақпан айына арналған ауа райы болжамын жариялады.
Ақпан айында ауа райы қандай болады?
Фото: ТЖМ-нен алынды
30,845
оқылды

Ақпан айында Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады. «Қазгидрометтің» мәліметінше, ақпанда температура нормадан 1-2 градус жоғары болатыны болжанып отыр. 

Алайда кейбір күндері қаңтар айындағыдай аяз күшейеді. Түнде -20,-28 градус, күндіз -10, -15 градусқа дейін суытады.

Кейбір күндері оңтүстік циклон әсерінен ауа температурасы оңтүстікте +5, +15 градус болуы мүмкін. 

Бұған дейін ертең 14 қаңтар күні 17 өңірде боран соғып, қалың қар жауатынын хабарлағанбыз.