Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта қатты қар, тұман, көктайғақ күтіледі.
Боран, қар, көктайғақ: «Қазгидромет» ертең 13 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады
11,350
оқылды

Облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Алматыда кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі. 

Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жаяу бұрқасын күтіледі. 15-16 қаңтарда солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күтіледі.

Жетісу облысының таулы аудандарында қатты қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын, таулы аудандарында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында күндіз екпіні 17-22 м/с.

Қызылорда облысының оңтүстігінде көктайғақ күтіледі.

Павлодар облысында оңтүстік-батыстан, жел соғады, түнде облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Абай облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында бұрқасын күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. 

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде қатты қар күтіледі. Түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 

Қарағанды облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында 20 градус қатты аяз сақталады. 

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.