Тұрғын үйден 15 ересек адам, 20 бала эвакуацияланды.
Түркістанда жаңадан салынған тұрғын үй өртенді
866
оқылды

Түркістан қаласында жаңадан салынған көпқабатты үйдің электр желілері өртеніп, тұрғындар эвакуацияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оқиға Отырар шағын ауданында болған. Көпқабатты тұрғын үйдің электр қалқаны мен үшінші қабат аралығында электр сымдары жанып кеткен. Тұрғын үйден 15 ересек адам, 20 бала эвакуацияланды. 

«Өртті сөндіруге Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 5 техникасы мен 21 қызметкері және Полиция департаментінен 2 техника мен 5 қызметкер жұмылдырылды. Өрттен қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», – делінген Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.