46 жастағы әйел адам 14 қаңтарда таңғы сағат 8:00-де Ақтас ауылынан Арқалық қаласына қарай жаяу шығып кетіп, сол күйі оралмаған.
"Денесін үсік шалған": Арқалықта жоғалған әйел табылды
825
оқылды

Арқалық маңында құтқарушылар жоғалып кеткен әйелді тапты, – деп жазды Aikyn.kz.

 

46 жастағы әйел адам 14 қаңтарда таңғы сағат 8:00-де Ақтас ауылынан Арқалық қаласына қарай жаяу шығып кетіп, сол күйі оралмаған.

«Оның жоғалып кеткені туралы жергілікті шаруа қожалығында хабарланды. ТЖД қызметкерлері әйелді сағат 18-55-те Ақтас ауылынан 2 шақырым жерден тауып алды. Дене мүшелерін үсік шалған әйел қазіргі уақытта реанимацияда жатыр», – деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі. 

ТЖМ азаматтардан қолайсыз ауа райы жағдайында елді мекендерден кетпеуді сұрайды.