Көкшетауда ондаған жыл бойы әбден тозығы жеткен кәріз тазарту қондырғылары жөндейтін болды.
Көкшетауда тозығы жеткен кәріз қондырғысын арабтар жөндейтін болды
812
оқылды

Құрылыс жұмысына Арабтың Metito компаниясы кіріспек, – деп хабарлайды Aikyn.kz тілшісі. 

Кәріз тазартатын қондырғылары құрылысы еліміздің аумағында алғаш рет жүзеге асырылмақ. Облыс әкімі арабтың Metito компаниясы өкілдерімен кездесіп, өңір үшін бұл инвестициялық жобаның маңызы аса жоғары екенін атап өтті. Ал компания өкілі М.Адиба құрылыс жобасының нәтижесінде таза су алу басты міндеті екенін жеткізді. 

 

– Аталған ынтымақтастық біз үшін тұңғыш әрі пилоттық болып отыр. Құрылыс кезінде заманауи технологиялық жабдықтар қарастырылған. Қазіргі таңда біздің басты міндет – ең соңында өндірістік қажеттілік үшін таза су алу,  – дейді Адиба. М. Амин. 

Компания өкілдері танысу мақсатында қаланың кәріз тазарту қондырғыларын аралап қайтты. 

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы