Күдікті қамауға алынды
Шымкент тұрғынынан 1,5 келіден астам есірткі тәркіленді
611
оқылды

Түркістан облыстық Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі құралдарын заңсыз сақтап, тасымалдады деген күдікпен шымкенттікті ұстады, - деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шараларын өткізген полицейлер Ордабасы ауданы аумағындағы Шымкент – Түркістан тас жолында мегаполистің 32 жастағы тұрғынының басқаруындағы Nissan Primera автокөлікті тоқтатқан. Жедел уәкілдер тексеру кезінде жүргізушінің көлігінің артқы орындығының астынан есірткіге ұқсас затты тапты.

Заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілді. Қорытындыға сәйкес есірткі затының жалпы салмағы 1,5 келіден асатын марихуана болып шықты.

Қазіргі уақытта есірткі құралдарын сақтау бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталады.