Пәтер ұрлығы тыйылмай тұр.
Бір өзі 25 пәтер тонаған ұры қолға түсті
1,161
оқылды

Қызылорда облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері күдіктіні кезекті пәтер ұрлығы кезінде ұстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Polisia.kz-тің мәліметінше, үй иелерінің жоқтығын пайдаланған ер адам терезені күштеп ашып, жеке үйге кіріп, әшекей бұйымдарын алып кеткен. Ұры 26 жастағы Түркістан облысының тұрғыны екені белгілі болды.

 

Айғақты зат ретінде жәбірленушілерге тиесілі алтын бұйымдар мен басқа да заттай айғақтар алынды.

Тергеу барысында, күдіктінің облыс аумағында 25 пәтер ұрлығын жасап, сол арқылы жәбірленушілерге жалпы сомасы 19 миллион теңге материалдық шығын келтіргені анықталды.

Полицейлер ұрының осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеруде. Тергеу жалғасып жатыр. Күдікті қамауға алынды.