Атырау облысында жемқор судьяның заңға қайшы әрекеті әшкере болды.
Атырауда 2,5 миллион теңге пара алған аудандық соттың судьясы ұсталды
2,174
оқылды

Атырау облысы Махамбет аудандық сотының судьясына іс қозғалды. Бұл туралы Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Судья Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 2-тармағы (Алаяқтық) бойынша айыпталып отыр. Іс сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. 

ҰҚК облыс бойынша департаментінің қызметкерлері сот әкімшілігі департаментінің ішкі қауіпсіздік бөлімімен бірлесе отырып, 15 қаңтарда судьяны 2,5 млн теңге алып жатқан сәтте ұстады. 

Тергеу жалғасып жатыр.