Жоғалған малшыны Восточное ауылының маңынан полиция қызметкері тапты.
Үсік шалған: Қостанайда үш күн бұрын жоғалып кеткен малшы табылды
726
оқылды

Қостанай құтқарушылары мен полицейлер аязды күні жоғалып кеткен малшыны тапты, деп хабарлайды Aiqyn.kz.

13 қаңтарда Арқалықта қарлы боранда жергілікті малшылардың жылқылары жоғалған. Малшылар көлікпен іздеуге шығып, жылқыларды Ақмола облысынан тапты.

Көлік қарда тұрып қалады. Малшылардың біреуі жылқыны күзетуге қалып, сол күйі із-түзсіз жоғалып кетті.

Үш күн бойы аязды ауа райына қарамастан 50 адамнан тұратын топ іздеу жұмысын тоқтатқан жоқ.

Құтқарушылар, полицейлер, жергілікті атқарушы органдар, еріктілер және жанашыр жергілікті тұрғындар жоғалған адамды іздеді.

16 қаңтарда Астана қаласынан жоғалған адамды іздеу үшін тікұшақ келді. Аумақты барынша қамту үшін бүкіл ресурстар, соның ішінде тікұшақ, жол талғамайтын және қарда жүретін көліктер тартылды.

Жоғалған малшыны Восточное ауылының маңынан полиция қызметкері тапты. 

Малшыны үсік шалған. Ол дереу Арқалық қаласының ауруханасына жеткізілді.