Күн сайын қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге 14,5 мыңнан астам Ұлттық ұлан әскері мен полиция қызметкері жұмылдырылады.
Ішкі істер министрі халықпен ашық диалог орнатуға қашан да дайын екенін айтты
Фото: gov.kz
867
оқылды

ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сәденов биыл да полиция жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету бағытында жұмыстар жалғасатынын айтты. Осы ретте ведомство басшысы өзімен қалай тікелей байланысуға болатынын да атап өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Министр 2024 жылды ІІМ кадрларының сапасын жақсарту жылы деп жариялады.

"Биыл IIM-де кадр сапасын жақсарту жылы. Ауқымды әрі жауапты істі қолға алдық. Бұл ретте ел тұрғындарының кері байланысы өте маңызды. Бүгінгі қоғамда әлеуметтік желілер тиімді байланыс құралы екені сөзсіз. Өзімнің Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде жеке парақшаларымның бар екенін еске саламын. Осы парақшалар арқылы менімен байланысқа шығуға болады. Ашық диалог орнатуға әрқашан дайынмын" – деп жазды Ержан Сәденов.

Сондай-ақ министр тәртіп сақшылары күндіз-түні қызметте екенін еске салды.

"Күн сайын қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге 14,5 мыңнан астам Ұлттық ұлан әскері мен полиция қызметкері жұмылдырылады. Әр қызметкердің алдына қойылған басты мақсат – арыз-шағымдарды жылдам әрі кәсіби түрде қарастырып, әрекет ету. Полиция жұмысының ашықтығын қамтамасыз етуді жалғастырамыз", – деді ол.