Депутаттар құжатты Мәжіліс қабырғасында пысықтап, қорытынды әзірлеу туралы шешім қабылдады.
Мәжілісте аумақтық қорғаныс туралы заң жобасы талқыланады
765
оқылды

Мәжілісте «Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы туралы» Заң жобасы талқыланады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Заң жобасында еліміздің аумақтық қорғанысының құқықтық негіздері, аумақтық қорғаныстың мақсаты, міндеті, қағидаттары айқындалады. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, азаматтардың өкілеттіктері мен жауапкершілігі бекітіледі. Ілеспе заң жобасы Қазақстан заңдарын Аумақтық қорғаныс туралы заң жобасына сәйкес келтіруге бағытталған», – деді заң жобасына қорытынды әзірлеу туралы ұсыныс жасаған Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Айгүл Құспан.

Депутаттар осы құжатты Мәжіліс қабырғасында пысықтап, қорытынды әзірлеу туралы шешім қабылдады.