Көкшетауда бір жастағы бала ойыншықтың бөлшегін жұтып қойды.
Көкшетауда дәрігерлер ойыншық жұтып қойған баланы құтқарды
866
оқылды

Ата-анасы ала алмай қиналған балаға жедел жәрдем қызметкерлері көмекке келіп баланың өмірін құтқарып қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі. 

Оқиға 15 қаңтар күні болған. Жедел жәрдем диспетчері А.Қапезова қоңырауды алып баланың жағдайын білген. Баланың ата-анасына оны тізеге жатқызып арқасынан бес мәрте қолымен сипай соғуға кеңес берілген. Баланы құтқару тек жедел жәрдем қызметкерлерінің көмегімен ғана мүмкін болған. 

– Жедел жәрдем бригадасының фельдшерлері Д.Головня мен Ю.Стрельцова баланы көлікке отырғызып алып кеткен. Жолда бала қатты жөтеліп, көгере бастаған. Баланың аузын ашып қараған фельдшер тамағында тұрып қалған ойыншықтың дөңгелек бөлшегін байқап қалған. Сөйтіп ол Геймлех әдісін қолданып ойыншық бөлшегін баланың тамағынан алып шықты, – деді Ақмола облыстық жедел жәрдем стансасынан. 

Қазір баланың жағдайы қанағаттанарлық. 

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы