Бельгиялық отбасы асырап алған қазақ баласы әлеуметтік желіде бүгін туған күні екенін хабарлады.
"17 қаңтар — менің туған күнім": анасын іздеген қазақ баласы тағы бір жазба жариялады
Фото: әлеуметтік желіден
9,121
оқылды

Бельгиялық отбасы асырап алған қазақ баласы әлеуметтік желіде бүгін туған күні екенін хабарлады, деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Достар, 17 қаңтар — менің туған күнім! Әлде мен туғанда менің орныма ауысқан баланың туған күні ме?.. Дегенмен, 17 қаңтар құжат бойынша менің туған күнім, иә... туған күнім сияқты! 22 жасқа толдым! 22! Бұл менің сүйікті саным, Құдай маған кереметке, жаңалыққа толы жыл сыйлайды деп сенемін», – деді Жәнібек.

Сондай-ақ ол болашақ жоспарын да жазды. 

«Менің болашақ жоспарларымның бастысы – көптеген замандастарымның биологиялық ата-анасын табуға мүмкіндік берсе екен деймін.

Бүгінгі туған күнімде өзіме де, сіздерге де арман-мақсатымыз орындалып, өзіміз қалағандай өмір сүруді тіледім.

Қазақстан халқы! Осыншама жылдардан кейін туған анасын іздеп, туған жерін аңсап келген маған жылу сыйлап, мейірім көрсеткендеріңіз үшін рақмет», – деді ол.