3 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 12 учаскесінде автокөлік құралдарының барлық түрлері үшін көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
Қазақстанның үш облысында 12 учаскеде жол қозғалысына шектеу қойылды
Фото: diapazon.kz
593
оқылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің 3 облысында республикалық маңызы бар автожолдардың 12 учаскесінде автокөлік құралдарының барлық түрлері үшін көлік қозғалысына шектеу енгізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

 

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Шығыс Қазақстан облысында – 1 учаске:

  • Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахманов бастаулары тасжолы, 46-66 км, Северное а. – Серебрянск қ. – 79 км.

Жамбыл облысында – 1 учаске:

  • Алматы-Ташкент-Термез тасжолы, 159-238 км, Кенен а. – Қайнар а. (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады) – 79 км. 

Батыс Қазақстан облысында – 10 учаске:

  • Орал-Тасқала-РФ шекарасы тасжолы, 4-104 км, Орал қ. – РФ шек. – 100 км;
  • Чапаево-Жалпақтал-Казталовка тасжолы, 0-213 км, Чапаево а. – Казталовка а. – 213 км;
  • Өнеге-Бисен-Сайхин тасжол,  0-103 км, Өнеге а. – Сайхин а. – 103 км;
  • Казталовка-Жәнібек-РФ шекарасы тасжолы, 0-158 км, Казталовка а. – Жәнібек а. – 158 км;
  • Самара-Шымкент тасжолы, 195-251 км, РФ шек.-Орал қ. – 56 км;
  • Самара-Шымкент тасжолы, 261-393 км, Подстепное к. - Жымпиты к. – 132 км;
  • Атырау-Орал тасжолы, 189-492 км, Атырау обл. шек. – Орал қ. – 303 км;
  • Орал-Теплое тасжолы, 5-33 км, Орал қ. – РФ шек. – 28 км;
  • Подстепное-Федоровка-РФ шекарасы тасжолы, 0-36 км, Подстепное к. –Федоровка а. – 36 км;
  • Жайық өзені арқылы өтетін көпір өткелі тасжолы, 0-14 км, Подстепное к. –Құс фабрикасы – 14 км.

Қазіргі сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп-ұстауға 725 бірлік техника және 1372 адам жұмылдырылды.