Осыдан екі күн бұрын дәрігерлер науқастың жағдайы өте ауыр және денесінің 81 процентін күйік шалғанын айтқан еді.
Атырауда өзін өртеп жіберген ер адам қайтыс болды
779
оқылды

Атырау облысы Доссор ауылында өзін өртемек болған 1961 жылы туған ер кісі қайтыс болды, – деп хабарлайды AtyrauPress. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, өзін өртемек болған ер кісі бүгін таңғы сағат 04:30-да облыстық аурухананың жан сақтау бөлімінде есін жимай қайтыс болды. 

Осыдан екі күн бұрын дәрігерлер науқастың жағдайы өте ауыр және денесінің 81 процентін күйік шалғанын айтқан еді. 

Еске салайық, бұл оқиға 13 қаңтарда күндіз болған. Мақат аудандық полиция бөліміне 16:45 шамасында Доссор ауылының Б.Аймағамбетов көшесінде орналасқан тұрғын үйлердің бірінде ер азамат өзін өртеп жібергені туралы ақпарат түскен.

Мұндай қадамға ол отбасында болған дау-жанжалдан соң барған.