Халық әртісі, әнші, актриса Жанар Айжанова бірінші күйеуі қайтыс болғаннан кейін өзінен 4-5 жас кіші жігіт үйленуге ұсыныс жасағанын айтты.
«90 күннен кейін күйеуге шығуың керек деді»: Жанар Айжанова өзінен 5 жас кіші жігіт ұсыныс жасағанын айтты
Фото: әлеуметтік желіден
16,516
оқылды

Халық әртісі, әнші, актриса Жанар Айжанова бірінші күйеуі қайтыс болғаннан кейін өзінен 4-5 жас кіші жігіт үйленуге ұсыныс жасағанын айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Бұл туралы өнер иесі Adal Adam Youtube-арнасына берген сұхбатында айтты.  

«Баяғыда бір ертеректе жолдасым қайтыс болғанда менен 4-5 жас кіші жігіт жын ұрғандай үйге жетіп келді. Өзінде сақал шықпайды, 5-6 сақалы бар, аузына салып отыр соны. Күйеумнің қайтыс болғанына жыл да болған жоқ, босанғаным жаңа. «Жанар, 90 күннен кейін күйеуге шығуың керек. Өзіңе күнә жасап жүрсің» дейді. Мен ұрып үйден шығардым. Сонда маған «байға ти» деп келіп отыр. Адасушылық қой ол», – дейді ол.