Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Италияға ресми сапармен барды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Италияға ресми сапармен барды
1,256
оқылды

Қазақстан Президентін Рим әуежайынан Италияның Қорғаныс министрі Гвидо Крозетто, Рим Папасының өкілі Франческо Каналини қарсы алды. Мемлекет басшысын күтіп алу кезінде Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

 

Қасым-Жомарт Тоқаев ертең Италия президенті Серджо Маттарелламен, Премьер-министр Джорджа Мелонимен келіссөздер жүргізеді. 

 

Сонымен қатар Президент «Қазақстан-Италия» инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысып, бірқатар ірі компания басшыларымен кездесулер өткізеді деп жоспарланып отыр. 

Қазақстан Президенті 19 қаңтар күні Ватиканда Рим папасы Францискпен кездеседі.