Қола дәуірінен сыр шертетін «Таңбалы» петроглифтері алматылық студенттерге таныстырылды.
«Таңбалы» суреттерін таныстырды
1,052
оқылды

Орал Таңсықбаев атындағы өнер колледжінің шәкірттеріне тасқа қашалған суреттердің тарихы баяндалды. Алматы облысы Жам­был ауданындағы 3 800 гектарға созылған ашық аспан астындағы кешенде 5 мыңнан астам жартас суреті сақталған. Көрмеге Таң­балы­дағы танымал бейнелердің суреттері қойылған. Қызметкерлер өнер колледжінің студенттеріне бірнеше мың жыл бұрын салынған суреттердің тарихын, мағынасын түсіндірді. Тастағы көріністер сол заманда өмір сүрген адамдардың тұрмысы мен әдет-ғұрыптарынан ақпарат береді. 

– Суреттердің негізгісі қола дә­уі­ріне жататын және Таңбалы­ның тарихи маңыздылығын ай­шық­тайды. Атап айтатын болсақ, күн басты бейнелері, қола дәуірін-де қасиетті мал болып саналған мүйіз­ді жануарлар: бұғы, бұқа бейнелері деген сияқты суреттерді қойдық, – деді «Таңбалы» мемле-кеттік та­ри­хи-мәдени және табиғи музей-қорығының бөлім басшысы Қуаныш Нұрмақсұтов.