Олардың ешқайсысы бұған дейін қызылшаға қарсы екпе алмаған.
Ақтөбеде қызылша жұқтырған 5 бала жансақтау бөліміне түсті
Фото: goldkeenkey.live
957
оқылды

Ақтөбеде қызылша жұқтырған 5  бала жансақтау бөліміне түскен. Олардың үлкені 2 жастан асқан болса, кішісі әлі алты айға да толмаған,  деп хабарлайды Aikyn.kz Qazaqstan арнасына сілтеме жасап. 

Дәрігерлердің айтуынша, балалардың жағдайы ауыр. Бірақ  жүргізілген кешенді емдеу шараларының арқасында беттері бері қарай бастаған. Олардың ешқайсысы бұған дейін қызылшаға қарсы екпе алмаған. Жалпы, осы уақытқа дейін облыста 30 мың 450 балаға екпе салынды. Қазір өңірдегі емдеу мекемелерінде 145 науқас жатыр.

Бізге қарасты 13 аудан бар, 13 ауданнан 101 кереует ашқан болатынбыз. Бүгінгі 17 қаңтарға стационарда ем алып жатқандар  145. Ақтөбеде 133, ал аудандарда  12. Соның ішінде балалар 129, ересектер,  деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бақытжан Түлкібаева.