Жарты миллион теңге қаражат азаматтарға қайтарылып, банк шоттары қайта ашылды
Астанада жеке сот орындаушылары мүгедек жандардың шотын заңсыз бұғаттап, жәрдемақысынан айырған
Фото: egemen.kz
720
оқылды

Астанада жеке сот орындаушылар мүгедектердің төлемдерін заңсыз бұғаттап, оларды жәрдемақысынан айырған, деп хабарлайды, - Aikyn.kz қалалық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Астана қаласының прокуратурасы жеке сот орындаушылары мүгедек ретінде әлеуметтік жәрдемақы алушы 27 борышкердің банк шоттарын бұғаттағанын анықтады.

Қазақстан Республикасының «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Заңына сәйкес, мемлекеттік бюджеттен және (немесе) мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді есепке алуға арналған банк шоттарына тыйым салуға болмайды.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде жарты миллион теңге қаражат қайтарылып, банк шоттары қайта ашылып, 27 тұлғаның 1,2 млн. теңге қаражатқа қол жеткізуіне мүмкіндік жасалды.

Қазір қала прокуратурасы уәкілетті органмен бірлесіп, нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізу мәселесін қарастыруда.