Mudarabah Capital ЖШС-ның басшысы Руслан Бұрқановтың анасы жәбірленушілерге келтірілген шығынды өтеймін деп пәтерін сатып, қарттар үйіне түсті. Бұл туралы Алматыда өткен апелляциялық алқа отырысында Бұрқановтың адвокаты Анар Катебаева айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz halyq-uni.kz-ке сілтеме жасап.
Оның айтуынша, Руслан Бұрқанов – анасының жалғыз ұлы. Қазір оның анасы мемлекет қамқорлығында, қарттар үйінде тұрып жатыр. Өйткені ол жәбірленушілерге келтірілген шығынды өтеу үшін пәтерін сатуға мәжбүр болған.
Руслан Бұрқанов Mudarabah Capital компаниясының бас директоры болған. Ол 2021 жылғы қазанда қаржы пирамидасына қатысы бар деген айыппен сотталған еді. Сол кезде барлығы 12 адам сотқа тартылды. Іс бойынша айыпталушылар 262-бап бойынша бас бостандығынан айырылды.