Кінәсін толық мойындауын, жасаған әрекетіне өкінуін, соттылығының жоқтығын, жәбірленушімен татуласқанын және қылмыстық құқық бұзушылық жасауға негіз болған мінез-құлқының заңсыздығын ескере отырып, сот Д.-ға 3 жыл бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындады.
Павлодарда ерлі-зайыпты жанжалдасып, күйеуі банкамен ұрса, әйелі пышақ сұғып алған
1,166
оқылды

Павлодарда ерлі-зайыпты жанжалдасты, күйеуі банкамен ұрса, әйелі пышақ сұғып алған, – деп хабарлайды Aikyn.kz Павлодар қаласы №2 сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

18 қаңтарда Павлодар қаласының №2 соты денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (ҚК 106-бабының 1-бөлігі) дерегі бойынша сотталушы Д.-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

Сотта былтыр 25 қазанда бірге тұратын Д. және С., Павлодар қаласындағы пәтерде спирттік ішімдік ішкені анықталды. С., масаң күйде болып қызғаныштан Д.-ның басынан банкамен ұрған.

Бұған жауап ретінде Д. жәбірленуші С.-ның ішіне пышақ сұғып, денсаулығына ауыр зиян келтірген.

Д.-ның кінәсі өзінің кінәсін мойындауымен, жәбірленушінің айғақтарымен, сот сараптамасының қорытындыларымен және сот зерттеген басқа да дәлелдемелермен дәлелденді. С., Д.-ны кешіріп, оны бас бостандығынан айырмауды өтінді, өйткені өзін жанжалдың бастамашысы деп санаған. 

Бұл қылмыс үшін қолданыстағы Қылмыстық кодексте 8 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген. Заңға сәйкес, егер жазаның жеңілірек түрі қылмыскерді түзеу және оның жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауына жол бермеу мақсатына жетуге мүмкіндік бермесе ғана, сот жазаның неғұрлым қатаң түрін тағайындауға құқылы.

Кінәсін толық мойындауын, жасаған әрекетіне өкінуін, соттылығының жоқтығын, жәбірленушімен татуласқанын және қылмыстық құқық бұзушылық жасауға негіз болған мінез-құлқының заңсыздығын ескере отырып, сот Д.-ға 3 жыл бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.