Журналистің айтуынша, Арқалықтан Жәнібек есімді тағы бір бала шетел асқан. Оның анасы табылған.
«Анасы табылды»: Қымбат Досжан шетелдіктер асырап алған Жәнібекпен аттас тағы бір қазақ баласы туралы айтты
Фото: әлеуметтік желіден
51,185
оқылды

Танымал журналист Қымбат Досжан бельгиялықтар асырап алған Жәнібек есімді баланың оқиғасына қатысты тағы бір дерек жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Журналистің айтуынша, Арқалықтан Жәнібек есімді тағы бір бала шетел асқан. Оның анасы табылған.

«Арқалықтан Бельгияға кеткен асыранды балалар ішінде Жәнібек есімді тағы бір баланың болғаны анықталды. Екінші Жәнібектің туған анасы, нағашылары табылды, бүгін ДНҚ анализ тапсырды. Шақшақ Жәнібектің құрметіне аталып, туған жер мен анасынан, діні мен тілінен жырақтап кеткен Жәнібектер», – деп жазды журналист.

22 жастағы Эдди Жанға дүниеге келгенде Жәнібек деген есім берілген. Алайда қазір Эдди Жан өзін Мұрат деп атап жүр.