Ақмола облыстық мәсли­хатының депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Умар Шоназаровтың бастамасы­мен өңірде «Елге қызмет – абыройлы міндет» әскери-патриоттық жобасы бас­талды. Бұл жоба об­лыс­тық Полиция басқар­масы, Қор­ғаныс істері жө­ніндегі бас­қарма мен ішкі саясат және «AMANAT» пар­тия­сымен бірлесіп жүзеге асы­рылмақ.
Әскери-патриоттық жоба басталды
1,158
оқылды

Жобаның басты бағыты – әскери қызметтегі жастар мен өскелең ұрпақты әскери-па­триот­тық бағытта тәрбиелеу. Жоба ая­сында әскери қызметті насихат­тауға, Отанға қызмет етуге және жастарды Отан алдын­дағы қыз­метін атқаруға тәр­биелеуге ба­ғытталған іс-шаралар кешені жоспарланған. 

Әскери борышын өтегеннен кейін жастарға құқық қорғау, тө­тен­ше жағдайлар және басқа да мем­лекеттік органдарға жұмысқа орналасуға көмек көрсетілетін болады. Бүгінде жастар Полиция және Төтенше жағдайлар депар­таментіне жұмысқа орналасып үлгерді.

Сондай-ақ жоғары оқу орын­дарының көмегімен борышын өтеп келген жастарға және әс­кери қызметкерлерге жоғары білім алу мүмкіндігі беріледі.

«Жастарды адамгершілікке тәрбиелеуде әскери қызметтің алатын орны ерекше, сондықтан біздің бұл жобамыз жемісті бо­ларына сенеміз», – дейді облыс­тық мәслихат депутаты Умар Шоназаров.

Берік БЕК