Құқықтық сауаттылық әр адамға керек. Себебі қазір барлық жерде заң үстемдік етеді. Заң жүр­ген жерде әр адамның құқы­ғы қоса жү­реді.
Құқықтық сана қалыптастыру қажет
1,116
оқылды

Барлық адам тең құ­қылы екенін «AMANAT» пар­тиясы Шым­кент қалалық филиалында өт­кен «Құқық­тық көмек» жоба­сында әр­кез түсіндіру­де. Заң­герлер мен адвокат­тар құ­қық­тық мә­де­ниетті арттыруға ша­қырады. 

Келушілерге «AMANAT» пар­тиясы Шымкент қалалық фи­лиалы атқарушы хатшысының орын­басары Тулегенов Бекайдар, Әділет департаменті құ­қықтық түсіндіру жұмысы және халыққа заң­герлік қызмет көрсету бөлімі­нің бас маманы Бибігүл Абда­лие­ва, адвокат Ерлан Тлеуов, Zangerler Palatasi заң консультанты Анара Мыр­зағалиева кеңес берді. 

Қабылдауға келген тұрғын­дардың басым бөлігі сотқа арыз жазу тәртібі бойынша кеңес сұрады. Сонымен қатар «Алтын алқа» көп­балалы аналарға арнал­ған мара­патқа өтініш тапсырып, алайда құжаттарының қателігі­нен оң жауап ала алмаған ана келді. Барлық арыз иесіне құ­қық­тық кеңес беріліп, түсіндірме жұмыс­ы жүргізілді.

Берік БЕК