Партияның Жол картасы ая­сында бой көтерген құ­ры­лыс нысандары – партия­лық­тардың бақылауында. Ақ­төбе облысының партия­лық бақылау комис­сиялары Шалқар ауда­нын­дағы күр­делі жөндеуден өтіп жатқан мектепте, Темір ау­данында­ғы мұражай, кітап­ханада және Ырғыз, Қарғалы ауда­нын­дағы денешынық­тыру және сауықтыру кешені құрылысында болды.
Құрылыс нысандары – партия бақылауында
930
оқылды

Мәселен, Темір ауданындағы кі­тапхана құрылысы алдағы жыл­дың қазан айында аяқталмақ. Жобаның құны – 617 263,0 мың теңге.

Құрылысты «Мұнайқұрылыс» көпсалалы құрылыс фирмасы» ЖШС жүргізіп жатыр. 

Ал Бадамша ауылындағы де­нешынықтыру-сауықтыру кешені­ құрылысының 70 пайызы аяқ­талды. Қазір әрлеу жұмысы жүр­гізілуде. 

– Біз нысанға бақылау жұмыс­тарын жиі жүргізіп, құрылыс са­пасына және қаржының тиімді игерілуіне назар аударып отырмыз. Қазір еденін ауыстыру, әрлеу жұ­мыс­тары жүр­гізіліп жатыр. Ғимарат­қа жартылай жылу берілді. Мердігер «Баспана БИЛД» ЖШС кестеге сәйкес сапалы жұмыс істеуде. Құ­рылыс жұмыстарына 20-дан астам адам жұ­мылдырылған. Ғимарат осы жыл­дың қыркүйек айында тап­сы­рылады, – дейді пар­тияның Қар­ғалы аудандық фи­лиалы атқарушы хатшысы Надежда Заглядова. 

Шалқар қаласындағы І.Үр­генішбаев атындағы жалпы орта бі­лім беретін мектебінің ішкі жөн­деу жұмыстары аяқталды. Құрылыс жұмыстары кестеден қалыс қалмай келеді.

– Күрделі жөндеу жұмыстары екі жылға жоспарланған. Осы жыл­­дың 31 желтоқсанында аяқ­та­луы тиіс. Бүгінге дейін ішкі жұ­мыс­­та­рын бітірдік. Мектеп оқушы­лары­ның 80 пайызы оқуды бастап кетті. Енді мектептің сыртын қап­тау, төбесін ауыстыру, брусчатка төсеу жұмыс­тары қалды, – деді мектеп ди­ректоры Айбек Ажмұратов.

Берік БЕК