Криштиану – "Алтын доптың" бес дүркін иегері.
Криштиану Роналду мансабын қашан аяқтайтынын мәлімдеді
4,194
оқылды

Атақты футболшы мансабын аяқтай салып, зейнетке шыққысы келеді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Мен мансабымды аяқтағанымды сезінгенде, зейнетке шығамын... Мүмкін бұл 10 жылдан кейін болар?!", – деді ол.

Роналду қазір 38 жаста. Ол өткен жылы "Аль-Насрға" ауысып, 2025 жылдың 30 маусымына дейін келісімшартқа отырды. 2023 жылы ол клуб пен ұлттық құрама сапында 54 гол соғып, әлемнің ең үздік бомбардирі атанды.

Криштиану – "Алтын доптың" бес дүркін иегері. Португалия құрамасымен ол 2016 жылғы Еуропа чемпионатын және 2019 жылғы Ұлттар лигасын жеңіп алды.