Жиында «Қазақтелеком» АҚ мобильді операторларының бірін бәсекелестік ортаға берудің өзекті мәселелері қаралды.
«Қазақтелеком» АҚ мобильді операторларының бірін бәсекелестік ортаға беру мәселесі тағы қаралды
1,457
оқылды

Үкіметте ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті,  деп хабарлайды Aiqyn.kz.

 Жиында Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асырудың, өнеркәсіпті, тау-кен металлургия кешенін және геологиялық барлауды дамытудың, сондай-ақ «Қазақтелеком» АҚ мобильді операторларының бірін бәсекелестік ортаға берудің өзекті мәселелері қаралды.

Орталық мемлекеттік органдар, «Самұрық-Қазына», «Қазақтелеком» және «Тау-Кен Самұрық» компаниялары басшыларының қатысуымен өткен талқылау қорытындысы бойынша Мемлекеттік комиссия бірқатар тиісті шешім қабылдады.