Танымал эстрада әншісі аузымыздан шыққан әрбір сөзге абай болу керектігін ескертті.
Анамның қарғысы. Сәкен Майғазиев ата-аналарға ақыл айтты
18,781
оқылды

Сәкен Майғазиевтің сөзінше, адам баласын әдемі сөзбен "қарғау" керек,  деп хабарлайды Aiqyn.kz.

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында қарғыс туралы жазба жариялап, көпшілікті сабырлы болуға шақырды.

"Кейде кейбіріміз құлыншақтарымыз құтырып кетсе, бұзықтық жасап, шектен шығып жатса (абайламай) қарғап-сілеп жатамыз. Мынау тентек сенің балаң ба десе: «Иә, бұл әкең… бұзық, сотқар, жынды, бандит, xулиган…», деп қалатынымыз да жасырын емес. Балаларымызға ұрысқанда да, «Өсіп-өнгір, тұқымың көбейгір, көктеп-көгергір, жапырағың жайқалғыр…» деп «қарғайық». Имандым, саналым, ақылдым, білімдім, батырым, т.с.с жақсы сөздермен еркелетейік", дейді өнер иесі.

Автор  1984 жылдан бері Қағбаға бас имамдық міндетін атқарған әл-Судайстың «Анамның қарғысымен» имам болдым» деген сөзін мысалға келтіреді.

«Кішкентай кезімде тентектік жасасам анам маған ашуланып «Қағбаға имам болғыр, Судайс» дейтін. Анамның осы «қарғысы» маған берген ең жақсы батасы болып шықты. Өскенде, Қағбаға имам болдым»,  деген екен әл-Судайс. Алла Тағала баршамызға салиx ұрпақ нәсіп еткей»,  деп жазды әнші.